1 Сәуірден бастап бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі.
1-сыныпқа алты жасар және ағымдағы күнтізбе жылы бойынша 6-ға толатын балаларды қабылдайды.
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады:
Ата-аналардың өтініші (немесе оларды
алмастыратьн тұлғалар);
Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
«Бала денсаулығы паспорты»;
3х4 көлеміндегі 2 фото.
Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.