Кіру
AA+
“ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ” МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНЕ ҚАРАСТЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН “№28 ОРТА МЕКТЕП” КММ
“ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ” МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНЕ ҚАРАСТЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН “№28 ОРТА МЕКТЕП” КММ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасының талаптары бекітілді.

Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық үлгіні ұстанып, бірыңғай түстердің үйлесімді гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіліп, күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.

Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Ұлдардың мерекелік формасы күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшін ақ түсті блузкадан құралады.

Мектеп формасына классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес немесе кереғар келетін галстук тігіледі. Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтері болуына рұқсат берілмейтініне білім беру ұйымдарының басшылары ерекше мән беруі қажет.

Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет, галстук) жоғарғы бөлігінде орналасады.

Мектеп формасына қойылатын талаптардың ауа-райына, оқу сабақтарының өткізілу орны және оқу ғимаратындағы температуралық режим ескеріліп, іске асырылуы маңызды. Сондай-ақ, жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.

Мектеп формасының матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданылады. Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен қоғамдық кеңес айықындайды, жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.

№28 жалпы білім беретін орта мектебі КММ ішкі тәртіп ережелері

2017 жыл 31 тамыз №1 педагогикалық кеңесте келісілді

Мектептің ішкі тәртіп ережелері 1. Жалпы ережелер

  1. Оқушылар мектепке 7.45 мин ерте келу керек.
  2. Мектепке жиі кешігіп келетін оқушылар мектеп әкімшілігіне шақырылу мүмкін.
  3. Барлық сынып оқушылары жылдың әр мезгілінде аяқ киімдерін ауыстыру тиіс. Аяқ киімі жоқ болған жағдайда оқушы кезекші әкімгердің рұқсатымен ғана сабаққа кіре алады. Аяқ киім жеке пакетте болу керек. Ауыстырылатын аяқ киімді мектепте қалдыруға болмайды.
  4. Міндетті түрде мектеп формасы қажет. Мектепке әшекей заттарды әкелу рұқсат етілмейді.
  5. Дене шынықтыру сабағына еденде сызық қалдырмайтын спорт аяқ киімі қажет. Спорт киімі жоқ оқушылар дене шынықтыру сабағына жіберілмейді. Сол себептен босатылған сабақ себепсіз қалған деп есептеледі.
  6. Мектептің ішінде сыртқы киіммен жүруге болмайды.
  7. Оқушылар мектептен сынып жетекшілердің немесе мектептің кезекші әкімгерінің рұқсатымен ғана шыға алады.
  8. Директордың белгіленген және бекітілген кестесі бойынша үзіліс кезінде сыныптардың кезекшілігі ұйымдастырылған. Бастауыш мектепте үзіліс кезінде бастауыш сынып мұғалімдер мен бастауыш сыныптардың кезекшілігі ұйымдастырылған.
  9. Сыртқы киімдердің қалталарында ақша, кілт, жол жүру билет және басқа құнды заттарды қалдыруға болмайды.
  10. Мектеп оқушыларына мектепке сіріңке, от тұтағыш, қадалатын және тілгіш заттар, газ баллондар, қару (соның ішінде газды немесе пневматикалық), ойын қарт әкелуге тыйым салынады.
  11. Мектеп оқушыларына мектеп қабырғасында құнды гаджеттер мен оқу-тәрбиелік үдерісіне қатысы жоқ басқа да заттар қолдануға тыйым салынады.
  12. Мектепке сағыз әкелуге болмайды.
  13. Мектеп ішіндегі бөгде адамдар кезекші әкімгердің рұқсатымен ғана мүмкін.
  14. Сабақтан тыс жұмыс жоспарында қарастырылған іс-шаралар болмаса, оқушылар барлық сабақтан кейін 20 минут ішінде үйге қайту қажет.
  15. Сабақтан тыс іс-шаралар, факультатив сабақтары, элективтік курстар, спорттық секциялар, қызығушылық бойынша үйірмелер күннің екінші жартысында өткізіледі.

2. Оқушының оқу құжаттары

  1. Әр оқушының үлгі бойынша ресімделген күнделігі болуы керек және мұғалім күнделікті сұраған жағдайда көрсету қажет.
  2. Оқушы апта сайын күнделігін қол қою үшін ата-аналарына беру қажет.
  3. Қорытынды бағалар, сондай-ақ мұғалімдердің ескертулеріне ата-аналар сол күні қолдарын қою керек.
  4. Мұғалім апта сайын оқушылардың күнделігіне ағымдағы бағаларын қойып, қосымша ақпарат жазады.
  5. Сабақтарды босатқан жағдайда оқушы сынып жетекшісіне растайтын құжаттарды көрсету қажет: медициналық анықтама немесе ата-аналардың өтініші.
  6. Бір апта ішінде оқушы 2 күн артық сабаққа қатыспаса және оның растайтын құжаттары жоқ болса, медициналық анықтамасын көрсеткен жағдайда ол сабаққа жіберіледі.
  7. Сынып жетекшілер мұндай балалардың үйіне міндетті түрде барып, тексеру актісін құру қажет.
  8. Оқу бағдарламасынан өткен туралы мәлімет мектептің қабылдау бөлмесінде сақталынатын әр оқушының табеліне жазылып, жеке ісіне енгізіледі.

3. Оқу сағаттарын ұйымдастыру

  1. Сабақтар мектеп директорымен бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі.
  2. Сабақтар екі ауысымда өткізіледі.
  3. Сабақтың ұзақтығы – 40 минут.
  4. Әр бейсенбі күні мектепте сынып сағаттары өтеді. Сынып сағатында оқушылар ҚР гимнін шырқайды. Сынып сағаттарының тақырыптарын директордың орынбасарлары құрастырып, мектеп директоры бекітеді.
  5. Сынып сағатының ұзақтығы 30 минут.
  6. Үзілістердің ұзақтығы: 1-ші 5 мин, 2-ші 15 мин, 3-ші 5 мин, 4-ші 15 мин, 5-ші 5 мин, 6-шы 5 мин, 7-ші 5 мин.

1) 7.45. таңғы жаттығуға арналған бірінші қоңырау. 8.00 оқушылар сыныпқа кіріп, сабаққа дайындалады.

2) Қоңырау соғылғаннан кейін сыныпқа кірген оқушының кешігу туралы ескерту күнделігіне жазылады. Сабаққа жиі кешігіп келетін оқушылар мектеп әкімшілігіне шақырылады.

3) Үзіліске қоңырау соғылғаннан кейін мұғалімнің оқушыны бөгеуге рұқсаты жоқ.

4) Оқушыларды сабақтан шығаруға тыйым салынған.

5) Мектеп директорының немесе кезекші әкімгердің өкімі бойынша оқушы мен мұғалімнің рұқсатымен ғана оқушы сабақтан босатылу мүмкін.

6) Мұғалімнің келісімімен оқушының немесе ата-анасының сұранысы бойынша бағаларды жақсарту мақсатында ғана бақылау сұрақтар сабақтан соң жүргізіледі.

7) Бір күн ішінде оқушы сабақ бойы 1 жазба бақылау жұмысынан артық немесе 15-20 минутқа арналған 2 өзіндік жазба жұмыстарынан артық (тәжірибелік) немесе тақта алдында 3 рет жеке сұрақ-жауап жүргізуге болмайды.

4. Бағалар

  1. Мұғалім материалдың өту бағдарламасында қарастырылған оқу түрлеріне баға қойып, сол күні оқушыға хабарлайды.
  2. Тәртіп үшін баға қойылмайды.
  3. Мұғалім оқушының сабаққа дайын болмау себебінен орындалмаған немесе тексеріске уақытында тапсырылмаған жұмыстарға «қанағаттандырылмаған» деген баға қояды.
  4. Ағымдағы бағалар 3-тен кем болмаса, қорытынды бағалар қойылады.
  5. Сынып жетекшілер үлгермейтін оқушылар жайлы ақпаратты тоқсанның аяқталуына 3 апта қалғанда ата-аналарына хабарлайды.
  6. Қорытынды бағаны түзету үшін баға алған күннен бастап екі күн ішінде оқушының немесе ата-анасының жазбаша өтініші бойынша мүмкін. Директордың бұйрығымен бағаны қайта қарастыруда комиссия құрылады.
  7. Ағымдағы баға мұғалімнің келісімі бойынша түзетілу мүмкін.
  8. Егер оқушы тоқсандық бағасына қанағаттанбаса, онда ол каникул кезінде қосымша сабаққа келу қажет.
  9. Оқушының жылдық бағасы қанағаттандырылықсыз болса, міндетті түрде жазғы каникул кезінде қосымша сабақтар жүргізіліп, тамыз айында емтихан алынады.
  10. Егер де оқушының тілдік емес пәндер бойынша жыл бойы алған екі немесе одан да артық қанағаттандырылмаған бағасы болса, онда ол оқушы сол сыныпта қайта оқытылады.
  11. Егер де оқушының терең оқытылатын пәндер бойынша қанағаттандырылмаған жылдық бағасы болса, онда ол оқушы мектептен шығарылады.
  12. Егер де оқушының тілдік емес пәні бойынша 1 ғана жылдық бағасы қанағаттандырылмаған болса, ата-анасының өтініші және педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша келесі сыныпқа шартты түрде 1 тоқсанға немесе 1 жартыжылдыққа көшірілу мүмкін.

5. Жалпы қолданыстағы орындар Буфет

  1. Оқушылар кесте бойынша тамақтандырылады.
  2. Дәлізде, баспалдақта тамақ ішуге рұқсат етілмейді. Мектеп асханасында құрастырылған және мектеп директорымен бекітілген кестесі бойынша мұғалімдердің кезекшілігі ұйымдастырылған.

Кітапхана

  1. Кітапханада жұмыс жасау – оқушыларға қызмет көрсетудің бекітілген кестесі бойынша тегін.
  2. Оқушылар кітапханадан алған кітап үшін материалдық жауапкершілікке тартылады.
  3. Егер оқушы кітапханадан кітап алып, қайтармаса, білім туралы құжаттар берілмейді.

Спорт залы

  1. Дене шынықтыру сабақтарына қатысу үшін спорт киім мен аяқ-киім қажет.
  2. Жеке сабақтар дене шынықтыру мұғалімнің келісімі бойынша өткізіледі.

Рекреация

  1. Денсаулыққа немесе мүлікке әсер тигізетін заттармен ойын ойнауға тыйым салынады.
  2. Үзіліс кезінде мектепте мұғалімдер мен оқушылардың кезекшілігі ұйымдастырылған.

Мәжіліс залы

  1. Оқушылар мәжіліс залында мұғалімнің қатысуымен ғана бола алады.
  2. Мәжіліс залында салтанатты және сыныптан тыс іс-шаралар, сынып сағаттар, мектеп мұғалімдері мен оқушыларының қатысуымен мерекелік концерттер өткізіледі.

Дәретхана

Дәретхана мектептің бірінші қабатында орналасқан.

6. Оқушылардың тәртібі

Оқушылардың тәртібі Мектеп жарғысының тәртібі мен ар-намыс ережелерінде қарастырылған.

Жазалау ретінде құжаттарда қарастырылған шаралардан басқа мына шаралар қолданылу мүмкін:

  1. сынып ұжымында тәртіпсіздікті талқылау;
  2. ата-аналар жиналысында тәртіпсіздікті талқылау;
  3. Жоғары сынып кеңестерінде тәртіпсіздікті талқылау;
  4. Алдын алу кеңестерінде тәртіпсіздікті талқылау.

Оқушыларды мадақтау ретінде мына шаралар қолданылу мүмкін:

  1. алғыс жариялау;
  2. грамотамен марапаттау;
  3. бағалы сыйлықтармен марапаттау.

7. Мектеп оқушыларының құқығы

  1. өзінің және өз отбасының абыройын құрметтеу;
  2. тегін жалпы білім алу (мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білім);
  3. Жоғары сынып кеңесінде сайлау және сайлану (9-11 сыныптар),
  4. денсаулық сақтау технологиясы бойынша білім алу;
  5. өз білімін жетілдіру үшін жағдай құру;
  6. қосымша білім қызметтерін алу (оның ішінде ақылы);
  7. мектеп жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар мен сыни ескертулер енгізу (оның ішінде заңды бастамалар), жұмыстағы кемшіліктерді жою;
  8. лауазымдық тұлғалар немесе оқушылар тарапынан оқушылар құқығын бұзған жөнінде басқару кеңесіне, мектеп әкімшілігіне шағымдар және өтініш ету;
  9. оқу жоспарларында қарастырылмаған іс-шараларға бару;
  10. оқу жылдың кез келген уақытында басқа оқу орнына ауысу;
  11. тегін медициналық көмек алу және білім алу мақсатымен кітапхана қорымен, интернетпен жұмыс жасау;
  12. аптасына берілетін 1 демалыс күні сондай-ақ, жыл сайынғы күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы демалыс күндері демалу;
  13. мұғалімдердің жүргізетін бақылау жұмыстарының уақыты мен мөлшері туралы хабардар болу және күніне 1 бақылау жұмысынан артық, 2 өзіндік жұмыс немесе 3 жеке сұрақ-жауап жұмыстарын өткізбеу;
  14. мұғалімдердің қойған бағаларына түсінік алу;
  15. жеке тәртібіне, үлгеріміне байланысты туындаған мәселелерді шешу кезінде жанында болу;
  16. өз туралы ақпаратты құпияда сақтау;
  17. күш көрсетуден және психологиялық зорлық-зомбылықтан қорғану;
  18. білім және оқыту барысы туралы құжаттарды алуға.

Мектеп оқушыларының міндеттері

  1. жақсы білім алуға;
  2. Мектеп жарғысын, келісім декларацияның ережелерін, абырой және ар-намыс Кодексін және мектептің ішкі тәртіп ережелерін білу және орындау;
  3. ҚР гимнін және рәміздерін білу, құрметтеу;
  4. мектеп басқару органдарының заңды шешімдерін, мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің талаптарын орындау;
  5. жеке абыройын, өзге адамдардың көзқарастарын құрметтеу, олардың құқықтарын сақтау;
  6. өз денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін және өмірін сақтау;
  7. мектептің жеке меншігін дұрыс пайдалану және сақтау;
  8. мектепке келтірілген нұқсанды түзету немесе ақысын төлеу;
  9. мектеп дәстүрін, оның беделін қолдау;
  10. мектептің, мектеп ауласының тазалығын сақтау.