Кіру
AA+
“ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ” МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНЕ ҚАРАСТЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН “№28 ОРТА МЕКТЕП” КММ
“ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ” МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНЕ ҚАРАСТЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН “№28 ОРТА МЕКТЕП” КММ

Бірінші сыныпқа келетін балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірден-1 тамызға дейн қабылданады.

Мектепке алты жасар және ағымдағы жылы, яғни 2021 жылдың 31 желтоқсанға дейін 6-ға толатын балаларды қабылдайды.

Құжаттарды үйден шықпай «электрондық үкімет» Egov веб-порталы арқылы тапсыруға болады.

Сонымен бірге интернетке қолжетімділігі жоқ, не болмаса шалғай елді мекендерде тұратын бірінші сыныпқа келетін бүлдіршіндердің ата-аналарына құжаттарды қағаз нұсқасында тапсыруға мүмкіндік берілді.

Мектепке бірінші аумақтық қызмет көрсету бойынша өтініш білдірген үш үміткер, тек содан кейін қызмет көрсету аумағынан тыс 1 (бір) үміткер оқуға қабылданатынын атап өту қажет.

Ең алдымен мектепке қабылдау үшін келесі құжаттарды дайындау қажет:

  • Өтініш;
  • Баланың туу туралы куәлігі;
  • Денсаулық жағдайы туралы анықтама № 063/у нысан;
  • Бала денсаулығы паспорты 026/у-3;
  • Баланың 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi (2 дана).
  • Еліміздің мектептері бірінші сыныптың табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерімізді қуана күтуде!