29 Қырқ 2020
Материал Мектеп 28

Мектеп формасы

Мектеп формасы туралы

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп         формасының талаптары бекітілді.
Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық үлгіні ұстанып, бірыңғай түстердің үйлесімді гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіліп, күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Ұлдардың мерекелік формасы күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшін ақ түсті блузкадан құралады.
Мектеп формасына классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес немесе кереғар келетін галстук тігіледі. Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтері болуына рұқсат берілмейтініне  білім беру ұйымдарының басшылары ерекше мән беруі қажет.
Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет, галстук) жоғарғы бөлігінде орналасады.
Мектеп формасына қойылатын талаптардың ауа-райына,  оқу сабақтарының өткізілу орны және оқу ғимаратындағы температуралық режим ескеріліп, іске асырылуы маңызды. Сондай-ақ, жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.
Мектеп формасының матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданылады.  Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен қоғамдық кеңес айықындайды, жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.

№28 жалпы білім беретін
орта мектебі КММ
ішкі тәртіп ережелері 

2017 жыл 31 тамыз №1 педагогикалық кеңесте келісілді
Мектептің ішкі тәртіп ережелері

 1.Жалпы ережелер

  1. Оқушылар мектепке 7.45 мин ерте келу керек.
  2. Мектепке жиі кешігіп келетін оқушылар мектеп әкімшілігіне шақырылу мүмкін.
  3. Барлық сынып оқушылары жылдың әр мезгілінде аяқ киімдерін ауыстыру тиіс. Аяқ киімі жоқ болған жағдайда оқушы кезекші әкімгердің рұқсатымен ғана сабаққа кіре алады. Аяқ киім жеке пакетте болу керек. Ауыстырылатын аяқ киімді мектепте қалдыруға болмайды.
  4. Міндетті түрде мектеп формасы қажет. Мектепке әшекей заттарды әкелу рұқсат етілмейді.
  5. Дене шынықтыру сабағына еденде сызық қалдырмайтын спорт аяқ киімі қажет. Спорт киімі жоқ оқушылар дене шынықтыру сабағына жіберілмейді. Сол себептен босатылған сабақ себепсіз қалған деп есептеледі.
  6. Мектептің ішінде сыртқы киіммен жүруге болмайды.
  7. Оқушылар мектептен сынып жетекшілердің немесе мектептің кезекші әкімгерінің рұқсатымен ғана шыға алады.
  8. Директордың белгіленген және бекітілген кестесі бойынша үзіліс кезінде сыныптардың кезекшілігі ұйымдастырылған. Бастауыш мектепте үзіліс кезінде бастауыш сынып мұғалімдер мен бастауыш сыныптардың кезекшілігі ұйымдастырылған.
  9. Сыртқы киімдердің қалталарында ақша, кілт, жол жүру билет және басқа құнды заттарды қалдыруға болмайды.
  10. Мектеп оқушыларына мектепке сіріңке, от тұтағыш, қадалатын және тілгіш заттар, газ баллондар, қару (соның ішінде газды немесе пневматикалық), ойын қарт әкелуге тыйым салынады.

– Мектеп оқушыларына мектеп қабырғасында құнды гаджеттер мен     оқу-тәрбиелік үдерісіне қатысы жоқ басқа да заттар қолдануға тыйым салынады.

  1. Мектепке сағыз әкелуге болмайды.
  2. Мектеп ішіндегі бөгде адамдар кезекші әкімгердің рұқсатымен ғана мүмкін.
  3. Сабақтан тыс жұмыс жоспарында қарастырылған іс-шаралар болмаса, оқушылар барлық сабақтан кейін 20 минут ішінде үйге қайту қажет.
  4. Сабақтан тыс іс-шаралар, факультатив сабақтары, элективтік курстар, спорттық секциялар, қызығушылық бойынша үйірмелер күннің екінші жартысында өткізіледі. 

2. Оқушының оқу құжаттары

  1. Әр оқушының үлгі бойынша ресімделген күнделігі болуы керек және мұғалім күнделікті сұраған жағдайда көрсету қажет.
  2. Оқушы апта сайын күнделігін қол қою үшін ата-аналарына беру қажет.
  3. Қорытынды бағалар, сондай-ақ мұғалімдердің ескертулеріне ата-аналар сол күні қолдарын қою керек.
  4. Мұғалім апта сайын оқушылардың күнделігіне ағымдағы бағаларын қойып, қосымша ақпарат жазады.
  5. Сабақтарды босатқан жағдайда оқушы сынып жетекшісіне растайтын құжаттарды көрсету қажет: медициналық анықтама немесе ата-аналардың өтініші.
  6. Бір апта ішінде оқушы 2 күн артық сабаққа қатыспаса және оның растайтын құжаттары жоқ болса, медициналық анықтамасын көрсеткен жағдайда ол сабаққа жіберіледі.
  7. Сынып жетекшілер мұндай балалардың үйіне міндетті түрде барып, тексеру актісін құру қажет.
  8. Оқу бағдарламасынан өткен туралы мәлімет мектептің қабылдау бөлмесінде сақталынатын әр оқушының табеліне жазылып, жеке ісіне енгізіледі.

3. Оқу сағаттарын ұйымдастыру

  1. Сабақтар мектеп директорымен бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі.

– Сабақтар екі ауысымда өткізіледі.
– Сабақтың ұзақтығы  – 40 минут.
Әр бейсенбі күні мектепте сынып сағаттары өтеді. Сынып сағатында       оқушылар ҚР гимнін шырқайды. Сынып сағаттарының тақырыптарын директордың орынбасарлары құрастырып, мектеп директоры бекітеді.
– Сынып сағатының ұзақтығы 30 минут.
– Үзілістердің ұзақтығы: 1-ші 5 мин, 2-ші 15 мин, 3-ші 5 мин,
4-ші 15 мин, 5-ші 5 мин, 6-ші 5 мин, 7-ші 5 мин.

  1. 7.45. таңғы жаттығуға арналған бірінші қоңырау. 8.00 оқушылар сыныпқа кіріп, сабаққа дайындалады.
  2. Қоңырау соғылғаннан кейін сыныпқа кірген оқушының кешігу туралы ескерту күнделігіне жазылады. Сабаққа жиі кешігіп келетін оқушылар мектеп әкімшілігіне шақырылады.
  3. Үзіліске қоңырау соғылғаннан кейін мұғалімнің оқушыны бөгеуге рұқсаты жоқ.
  4. Оқушыларды сабақтан шығаруға тыйым салынған.
  5. Мектеп директорының немесе кезекші әкімгердің өкімі бойынша оқушы мен мұғалімнің рұқсатымен ғана оқушы сабақтан босатылу мүмкін.
  6. Мұғалімнің келісімімен оқушының немесе ата-анасының сұранысы бойынша бағаларды жақсарту мақсатында ғана бақылау сұрақтар сабақтан соң жүргізіледі.
  7. Бір күн ішінде оқушы сабақ бойы 1 жазба бақылау жұмысынан артық немесе 15-20 минутқа арналған 2 өзіндік жазба жұмыстарынан артық (тәжірибелік) немесе тақта алдында 3 рет жеке сұрақ-жауап жүргізуге болмайды.

4. Бағалар

  1. Мұғалім материалдың өту бағдарламасында қарастырылған оқу түрлеріне баға қойып, сол күні оқушыға хабарлайды.
  2. Тәртіп үшін баға қойылмайды.
  3. Мұғалім оқушының сабаққа дайын болмау себебінен орындалмаған немесе тексеріске уақытында тапсырылмаған жұмыстарға «қанағаттандырылмаған» деген баға қояды.
  4. Ағымдағы бағалар 3-тен кем болмаса, қорытынды бағалар қойылады.

–  Сынып жетекшілер үлгермейтін оқушылар жайлы ақпаратты тоқсанның аяқталуына 3 апта қалғанда ата-аналарына хабарлайды.

  1. Қорытынды бағаны түзету үшін баға алған күннен бастап екі күн ішінде оқушының немесе ата-анасының жазбаша өтініші бойынша мүмкін. Директордың бұйрығымен бағаны қайта қарастыруда комиссия құрылады.
  2. Ағымдағы баға мұғалімнің келісімі бойынша түзетілу мүмкін.
  3. Егер оқушы тоқсандық бағасына қанағаттанбаса, онда ол каникул кезінде қосымша сабаққа келу қажет.
  4. Оқушының жылдық бағасы қанағаттандырылықсыз болса, міндетті түрде жазғы каникул кезінде қосымша сабақтар жүргізіліп, тамыз айында емтихан алынады.
  5. Егер де оқушының тілдік емес пәндер бойынша жыл бойы алған екі немесе одан да артық қанағаттандырылмаған бағасы болса, онда ол оқушы сол сыныпта қайта оқытылады.
  6. Егер де оқушының терең оқытылатын пәндер бойынша қанағаттандырылмаған жылдық бағасы болса, онда ол оқушы мектептен шығарылады.
  7. Егер де оқушының тілдік емес пәні бойынша 1 ғана жылдық бағасы қанағаттандырылмаған болса, ата-анасының өтініші және педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша келесі сыныпқа шартты түрде 1 тоқсанға немесе 1 жартыжылдыққа  көшірілу мүмкін.

5. Жалпы қолданыстағы орындар
Буфет

  1. Оқушылар кесте бойынша тамақтандырылады.
  2. Дәлізде, баспалдақта тамақ ішуге рұқсат етілмейді. Мектеп асханасында құрастырылған және мектеп директорымен бекітілген кестесі бойынша мұғалімдердің кезекшілігі ұйымдастырылған.

Кітапхана

  1. Кітапханада жұмыс жасау – оқушыларға қызмет көрсетудің бекітілген кестесі бойынша тегін.
  2. Оқушылар кітапханадан алған кітап үшін материалдық жауапкершілікке тартылады.
  3. Егер оқушы кітапханадан кітап алып, қайтармаса, білім туралы құжаттар берілмейді.

Спорт залы

  1. Дене шынықтыру  сабақтарына  қатысу үшін спорт киім мен аяқ-киім қажет.
  2. Жеке сабақтар дене шынықтыру мұғалімнің келісімі бойынша өткізіледі.

Рекреация

  1. Денсаулыққа немесе мүлікке әсер тигізетін заттармен ойын ойнауға тыйым салынады.
  2. Үзіліс кезінде мектепте мұғалімдер мен оқушылардың кезекшілігі ұйымдастырылған.

Мәжіліс залы

  1. Оқушылар мәжіліс залында мұғалімнің қатысуымен ғана бола алады.
  2. Мәжіліс залында салтанатты және сыныптан тыс іс-шаралар, сынып сағаттар, мектеп мұғалімдері мен оқушыларының қатысуымен мерекелік концерттер өткізіледі.

Дәретхана

  1. Дәретхана мектептің бірінші  қабатында орналасқан.

6. Оқушылардың тәртібі

       Оқушылардың  тәртібі  Мектеп  жарғысының тәртібі мен ар-намыс ережелерінде қарастырылған.
Жазалау ретінде құжаттарда қарастырылған шаралардан басқа мына шаралар қолданылу мүмкін.

  1. сынып ұжымында тәртіпсіздікті талқылау;
  2. ата-аналар жиналысында тәртіпсіздікті талқылау;
  3. Жоғары сынып кеңестерінде тәртіпсіздікті талқылау;
  4. Алдын алу кеңестерінде тәртіпсіздікті талқылау.

Оқушыларды мадақтау ретінде мына шаралар қолданылу мүмкін:

  1. алғыс жариялау;
  2. грамотамен марапаттау;
  3. бағалы сыйлықтармен марапаттау;

 7. Мектеп оқушыларының құқығы

  – өзінің және өз отбасының абыройын құрметтеу;

  1. тегін жалпы білім алу (мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білім);
  2. Жоғары сынып кеңесінде сайлау және сайлану (9-11 сыныптар),
  3. денсаулық сақтау технологиясы бойынша білім алу;
  4. өз білімін жетілдіру үшін жағдай құру;
  5. қосымша білім қызметтерін алу (оның ішінде ақылы);
  6. мектеп жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар мен сыни ескертулер енгізу (оның ішінде заңды бастамалар), жұмыстағы кемшіліктерді жою;
  7. лауазымдық тұлғалар немесе оқушылар тарапынан оқушылар құқығын бұзған жөнінде басқару кеңесіне, мектеп әкімшілігіне шағымдар және өтініш ету;
  8. оқу жоспарларында қарастырылмаған іс-шараларға бару;
  9. оқу жылдың кез келген уақытында басқа оқу орнына ауысу;
  10. тегін медициналық көмек алу және білім алу мақсатымен кітапхана қорымен, интернетпен жұмыс жасау;

– аптасына берілетін 1 демалыс күні сондай-ақ, жыл сайынғы күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы демалыс күндері демалу;
– мұғалімдердің жүргізетін бақылау жұмыстарының уақыты мен мөлшері туралы хабардар болу және күніне 1 бақылау жұмысынан артық, 2 өзіндік жұмыс немесе 3 жеке сұрақ-жауап жұмыстарын өткізбеу;
– мұғалімдердің қойған бағаларына түсінік алу;
– жеке тәртібіне, үлгеріміне байланысты туындаған мәселелерді шешу кезінде жанында болу;
-өз туралы ақпаратты құпияда сақтау;
-күш көрсетуден және психологиялық зорлық-зомбылықтан қорғану;
– білім және оқыту барысы туралы құжаттарды алуға.

Мектеп оқушыларының міндеттері

– жақсы  білім алуға;
– Мектеп жарғысын,  келісім декларацияның ережелерін, абырой және ар-намыс Кодексін және мектептің ішкі тәртіп ережелерін білу және орындау;
– ҚР  гимнін  және рәміздерін  білу,  құрметтеу;
– мектеп  басқару  органдарының заңды шешімдерін, мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің талаптарын орындау;
– жеке  абыройын,  өзге адамдардың көзқарастарын құрметтеу, олардың құқықтарын сақтау;
– өз  денсаулығын,  қоршаған ортаның қауіпсіздігін және өмірін сақтау;
– мектептің  жеке  меншігін  дұрыс  пайдалану  және сақтау;
– мектепке келтірілген нұқсанды  түзету немесе ақысын  төлеу;
– мектеп  дәстүрін, оның  беделін  қолдау;
– мектептің, мектеп ауласының  тазалығын   сақтау.

Мектеп формасы туралы

       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы     14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасының талаптары бекітілді.
Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық үлгіні ұстанып, бірыңғай түстердің үйлесімді гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіліп, күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Ұлдардың мерекелік формасы күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшін ақ түсті блузкадан құралады.
Мектеп формасына классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес немесе кереғар келетін галстук тігіледі. Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтері болуына рұқсат берілмейтініне  білім беру ұйымдарының басшылары ерекше мән беруі қажет.
Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет, галстук) жоғарғы бөлігінде орналасады.
Мектеп формасына қойылатын талаптардың ауа-райына,  оқу сабақтарының өткізілу орны және оқу ғимаратындағы температуралық режим ескеріліп, іске асырылуы маңызды. Сондай-ақ, жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.
Мектеп формасының матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданылады.  Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен қоғамдық кеңес айықындайды, жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.

Педагогтармен мен қызметкерлердің жұмыс уақыты және оны пайдалану.

1.Педагог қызметкерлердің оқу жүктемесін кәсіподақ ұйымымен келісе отырып, мектеп директоры белгілейді.
2. Арнайы қызметкерлердің жұмыс уақытының ұзақтығы кесте бойыша мектеп әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының келісімі бойынша орындалады. Хатшы мен зертхана қызметкерінің, есепшінің жұмыс істеу уақыты сағат 9.00 -18.00 –ге дейін. Кітапханада жұмыс кестесі көрсетіледі.
3. Мұғалімдер сабақ басталудан 15 минут ерте келеді. Олар кабинет тазалығын тексеріп, дайындық жұмыстарын жүргізеді. Сабақ аяқталғаннан кейін 20 минуттан кейін қайта алады. Мұғалімнің сынып оқушыларының барлығын үйлеріне жібереді, есікті бекітеді.
4. Мектеп әкімшілігі сабақ басталуға жарты сағат қалғанда келу тиіс.

  1. Мектепте педагогикалық қызметкерлердің жұмыс уақыты сағат 8.00-де басталады.
  2. Оқушылардың кешігуіне немесе үзілістен кейін сыртта жүруіне жол берілмейді.
  3. Мұғалім қоңырау соғылғанан кейін сабақты бастауға тиіс.
  4. Сабақ уақытында мұғалім кабинетте болмаса «жұмыс орнында жоқ» деп саналады.
  5. Мұғалімдердің кезекшілік кестесі кәсіподақ ұйымының жоспары бойынша бекітіледі.
  6. Әкімшілік пен кәсіподақ бірігіп кезекші мұғалімдердің қызметтік міндеттерінің орындалуын қағалайды.
  7. Мектептегі асхананың тазалығын, астың сапасын мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер бақылап, қадағалауы тиіс.
  8. Сынып жетекшісі асханаға оқушыларды мезгілінде апаруға міндетті.
  9. Директордың ТІЖ орынбасар мұғалімдердің асханадағы кезекшілік кестесін жасап, оның орындалуын қадағалауға тиіс.
  10. Директордың ОТІЖО мұғалімдер мен оқушыларға ауыстырып оқыту /замен/ жөнінінде бір күн бұрын хабарлап айтуы тиіс.
  11. Мұғалімдер үшін маусымдық демалыс/күзгі, қысқы, көктемгі каникул/ кезі жұмыс уақыты болып есептеледі.
  12. Педагогикалық кеңес – аптаның бір күннен белгіленіп, бір тоқсанда бір рет өткізіледі.

Мектепте мұғалімдер мына ережені ескерулері қажет.

  1. Сабақ қоңырау соғылғанда басталып, қоңырау соғылғанда аяқталуы тиіс.
  2. Сабақтың әрбір минуты оқушылардың сапалы ойлауы мен белсенді әрекетін іске асыруға арналуы керек.
  3. Сабақ барысындағы мұғалімнің жеке қызметі білімдік және тәрбиелік мақсатының орындалуына бағытталады.
  4. Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындалып келуін талап етуі тиіс.
  5. Мұғалім сабырлы болуы қажет. Сыныпта тәртіп орнатуы үшін мұғалім түрліше әдістемелерді меңгеруі қажет, сонымен бірге сабақ үстінде ұялы телефонмен сөйлесуге тиым салынады.
  6. Оқушыларға айқайлауға, оларды балағаттауға жол берілмейді.
  7. Оқушының тәртібін жақсарту үшін қажет жағдайда психолог маманның көмегіне жүгінуге болады.
  8. Дәптердің дұрыс, талапқа сай толтырылуы мен жүргізілуін пән мұғалімдері қадағалауы және үнемі тексеріп отыруы тиіс.
  9. Оқушы мен мұғалім арасындағы сыйластық сақталуы тиіс.
  10. Тәрбие мен білім берудің басты жетістігі – сапалы кәсіби біліктілік, соған ұмтылып, бірлесіп жұмыс істеу.
  11. Мұғалімдер мен қызметкерледің жұмыс тәртібінің сақталуын бақылау және қадағалауды мектеп әкімшілігімен кәсіподақ ұйымы өз жауапкершілігіне алады.

Педагогтар мен басқада мектеп қызметкерлеріне тиым салынады:

  1. Өз мүмкіндігіне қарай сабақ кестесін өзгертуге;
  2. Сабақ мерзімін ұзартуға, қысқартуға және ауыстыруға;
  3. Оқушыларды кабинетте қараусыз қалдыруға, шығарып жіберуге;
  4. Сабақ уақытысында басқа педагог қызметкерлердің жұмысына кедергі келтіруге;

Мұғалімдердің сабақтан тыс уақытта міндетті түрде қатысатын жиналыстарына мыналар жатады:

  1. Педагогикалық кеңес.
  2. Директор жанындағы отырыс.
  3. Әдістемелік кеңес
  4. Әдістемелік бірлестіктің кеңесі .
  5. 2 аптада бір рет жүргізілетін жоспарлы жиналыс.  

Ата-аналар міндеті

1. Бала тәрбиесі ата-ананың негізгі міндеті.
2. Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекші мұғалімдер мен жиі байланыста болу.Сабақтарынақатысу.
3. Баланың оқу құралдар мен толық қамтамасыз ету және оқушының бірыңғай формасын сақтауын қадағалау.
4. Оқушының таңертең сабаққа таңғы асын ішкізіп сабақтан кешікпеуін қадағалау.
5. Жолдағы жол ережелерін күнделікті баланың есіне салып отыру.
6. Жыл мезгілдерінің ауа райына байланысты баланың киімдерін ыңғайлы киіндеру.
7. Күнделікті оқушының (баланың) күнделігіне қарау ,қол қою.
8. Мектепте мәдени қоғамдық істерге ,мәдени іс-шараларға қатысуға
9. Оқушылардың мектеп жарғсн және ішкі тәртіп Ережелерінің орындауды бақылау.
10. Мүмкіндегіне қарай мектепке материалдық көмек көрсету.
11. Ата-ана мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер мен байланс жасаған уақытта мән жағадайға терең түсінік таныта отырып ,қатынас жасау.
12. Мұғалімнің ар-ожданына, намысына тіл тигізбеу.
13.Білім беру ұйымдарында ата-ана нәсілдік, діни, милитаристік және халықаралық құқықпен жалпыға танылған принциптеріне қайшы келетін өзге идеяларды насихаттауға тыйым салынады.

Оқушылар ережесі

1. Оқушылар ережесін, антын, әдептілік ережесін, оқушыларға арналған мектеп формасы бірыңғай болу керек және оны сақтау керек.
2.  Алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру пәндерінің  бекітілген киім үлгісін қатаң түрде   сақтау қажет.
3. Сабаққа кешікпей таза, ұқыпты киініп сабаққа керекті құрал жабдықтармен дайындалып келу керек.
4.  Ең бірінші мұғалім талабына сәйкес күнделікті көрсету және күнделікті үй тапсырмасын жазу.
5. Білімді, оқу біліктері мен дағдыларын табандылықпен игеру.
6. Мектептің  қоғамдық-мәдени іс-шараларына, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымына белсене қатысу.
7.Сыныпта, отбасында, күнделікті өмірде салауатты өмір салтын қалыптастыру.
8. Халқымыздың мемлекеттік рәміздерін көздің қарашығындай сақтап, құрметтеп қастерлеу.
9. Ата-ананы, жанұяның ересек мүшелерін құрметтеу, қарттар мен кішілерге қамқорлық жасау.
10. Жалпыға пайдалы іс үшін адал еңбектену мен өнімді еңбек етуге қамдану, болашақтағы мамандғын таңдай білу.
11. Қоршаған ортаны қорғау, күтіп баптау, табиғатты аялау, туған өлкені көркейтуге ат салысу.
12. Оқуды, еңбекті дұрыс ұйымдастыра отырып, үйірмелер мен спорттық секцияларға қатысу.

Қатаң тыйым салынады:

1.    Мектептің күнделікті ережесін бұзуға /себепсіз сабаққа кешігу, келмей қалу/
2.    Мектепке сай формасын сақтамауға; Мектеп ішінде бас киіммен жүруге
3.    Спирттік ішімдіктер, темекі, наша және насыбай қолдануға, сағыз шайнауға;
4.    Кешкі  уақытта коғамдық  орындарда, көшеде жүруге;
5.    Басқа оқушылардың денсаулығына зиян келтіретін әрекеттер жасауға;
6.    Мектеп оқушылардың бағалы заттардың жоғалуына жауап бермейді (ұялы, телефон, құнды заттар, ақша);
7.    Компьютерлік клубтарға баруға
8.    Мектепке денсаулыққа зиянды, жанғыш, өткір, кескіш заттарды, газ баллондарын әкелуге.
9. Оқушылардың  ұялы телефон(смартфон) әкелуге, ұстауға тиым салынады.

10.Сабақ үстінде,  залда қатты сөйлеуге, жүгіруге, сабақтың өтуіне кедергі жасауға.