29 Қырқ 2020
Материал Мектеп 28

Терроризмге қарсы күрес

Жалпы білім беретін №28 орта мектепте 2021 жылдың 27 қыркүйек күні «Азаматтық қорғаныс»  төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша «Сейсмикалық жаттықтыру» тақырыбында оқыту-жаттығу өткізілді. Дәріс сабағының басты мақсаты: Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шараларының алдын-алу.Тұрғын үй жағдайында және ғимараттар мен мектептерде төтенше жағдай орын алғанда қауіпсіз орындарды анықтау, қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ақпаратттандыру. Оқыту-жаттығу кезінде радиоқабылдағыш арқылы хабарланып, мектеп қызметкерлері мен білім алушылар қауіпсіз аймаққа көшірілді. Мектеп қызметкерлері мен оқушыларына жер сілкінісі  туындаған жағдайда 101,112 құтқару қызметтеріне қоңырау шалу туралы хабарланып, жер сілкінісінің түрлері жайында баяндама жасалды.


2020 жылы 15 қазан күні Жалпы білім беретін N28 орта мектебінің Алғашқы әскери технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Махмуд Заңғар Талантұлы мектебіміздің мұғалімдеріне терроризм-экстремизмге байланысты "Өрт кезінде мекемедегі мүмкін жағдайды бағалау" тақырыбында түсіндірме сабақ өткізді. Сабаққа Атырау облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Жумагалиев Бақберген Серикович қатынасып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Мақсаты: Өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру