30 Сәу 2021
Материал Мектеп 28

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар сіздерді биылғы 2021-2022 жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтаймыз.

Мектебіміз дәстүрлі форматта оқытуға толықтай дайын.

Жаңа оқу жылында үлкен жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз.

 

Жалпы білім беретін №28 орта мектеп КММ 2020 – 2021 жылы

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» бағдарламасы бойынша

атқарылған жұмыстар есебі

Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» , «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. Барлық білім беру мекемелерінде жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Осыған орай жалпы білім беретін №28 орта мектебі бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар» жоспары жасалып, бекітіліп жұмыс түрлері жүргізілуде және де «Парасатты азамат» бұрышы жасақталып, жаңартылып отырады. Мектептің 1-қабатында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында оқушылар мен ата-аналарға арналған мектептегі теріс әрекеттер, ұрлау және күшпен ақша алу жағдайларын кездестіру кезінде оқушылар өз ескертулерін жасап, өтініштерін хат жазу арқылы білдіретін арнайы «сенім жәшігі» ілінген. Бұл жәшікке келіп түскен өтініштер мен хаттар апта соңында мектеп әкімшілігі және мектеп инспекторының қатысуымен алынып, жұмыс жүрізіліп, қаралады. Сонымен қатар, сенім телефондары жазылып, көрсетілген. 

Қалалық білім бөлімі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агентігінің Атырау облысы бойынша департаментінің  2019 жылғы 23 тамыздағы  хатына сәйкес өскелең ұрпақтың бойына адалдық, парасаттылық, Отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында мектепте «Адал ұрпақ» еріктілер клубы мүшелері сыныптарға «Адалдық сағаты» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын  жүргізді.

Биылғы оқу жылынан  қыркүйек айынан бастап , Қазақстан Республикасының Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы қызметінің  “Ютуб” каналы арқылы  “Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай”, Әл-Фараби және қайырымды қоғам”, “Әділдікке үндеген Қожа Ахмет Яссауи”, Ренат Бектұровпен адалдық сағаты, “Ар намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан” Аралас жекпе –жектен үш дүркін әлем чемпионы  Ардақ Назаровпен адалдық сағаты, Айтыскер ақын  Қазақстандағы 100 жаңа есім  жобасының жеңімпазы Бекарыс Шойбековпен адалдық сағаты, “Ахмет Байтұрсынұлы  адамдық пен білім диқаншысы”, "Шәкәрім өсиеті-адалдық айнасы" тақырыптарында жалпыреспубликалық бірыңғай адалдық сағаты 

9 рет ұйымдастырылды.

Мектебіміздің сынып жетекшілерімен бірлесіп  9-10 сыныптарға «Жемқорлыққа жол жоқ»тақырыбында үгіт-насихат шараларының жүргізілді.

9 желтоқсан –Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай «Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол» тақырыбында бірыңғай
сынып сағаттары өткізілді.

2021 жылдың 18-22 қаңтар аралығында 1-4 сыныптар арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, әділдікке тәрбиелеу мақсатында

«Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Оқушылар белсене қатысты.

Инстаграм желісі арқылы “AntiKor.Live” жобасы шеңберінде “Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар” туралы тікелей эфирден баяндама жасалды.

2021 жылдың 24 ақпан күні "Адал ұрпақ" еріктілер клубы мүшелері сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу шаралары, алдын - алудың әдіс – тәсілдерін және сыбайлас жемқорлықтың түріне қарай, олардың түрлі заңдары туралы "Жастар-жемқорлықсыз таза қоғам" тақырыбында  2-4 сынып оқушылары арасында челлендж ұйымдастырды.

Күнделікті оқу процесінде жемқорлыққа жол бермеу мәселелері үнемі қадағаланып отырады. Білім беру ұйымдарында   ата-аналардан ақша жинау туралы фактілерінің орын алуын болдырмау мақсатында мұғалімдермен, сынып жетекшілермен үнемі жиналыстар өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізіліп тұрады. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты өткізілген шаралар мектептің инстаграм,фейзбук сайтына жүктеліп отырады.

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары                    С.Дильмуханова