Бірінші сыныпқа келетін балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірден-1 тамызға дейн қабылданады.
Мектепке алты жасар және ағымдағы жылы, яғни 2021 жылдың 31 желтоқсанға дейін 6-ға толатын балаларды қабылдайды.
Құжаттарды үйден шықпай «электрондық үкімет» Egov веб-порталы арқылы тапсыруға болады.
Сонымен бірге интернетке қолжетімділігі жоқ, не болмаса шалғай елді мекендерде тұратын бірінші сыныпқа келетін бүлдіршіндердің ата-аналарына құжаттарды қағаз нұсқасында тапсыруға мүмкіндік берілді.
Мектепке бірінші аумақтық қызмет көрсету бойынша өтініш білдірген үш үміткер, тек содан кейін қызмет көрсету аумағынан тыс 1 (бір) үміткер оқуға қабылданатынын атап өту қажет.
Ең алдымен мектепке қабылдау үшін келесі құжаттарды дайындау қажет:
- Өтініш;
- Баланың туу туралы куәлігі;
- Денсаулық жағдайы туралы анықтама № 063/у нысан;
- Бала денсаулығы паспорты 026/у-3;
- Баланың 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi (2 дана).
- Еліміздің мектептері бірінші сыныптың табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерімізді қуана күтуде!