18 Қаз 2021
Жаңалықтар

Атырау қаласының 381 жылдық мерекесіне орай, 200 ағаш отырғызылды

Атырау қалалық Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, “Нұр-белес” ҚБ ұйымдастыруымен Атырау қаласының 381 жылдық мерекесіне орай, 200 ағаш отырғызылды. Атаулы акцияға қала әкімі Қайрат Оразбаев арнайы қатысып, сондай-ақ Жалпы білім беретін №28 орта мектеп еріктілерімен бірге ағаш отырғызуға атсалысты. Нәтижесінде, “Сарайшық” коммуналды базары алдындағы шағын алаң саябаққа айналды.