18 Қаз 2021
Жаңалықтар

«Қазақстанның Алтын кітабы» энциклопедиясы

Республикалық «Оrda.kz» баспа үйінің әр аймақтың шоқжұлдызындай болып жанып, кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар беріп келе жатқан асыл жүректі жандар туралы «Қазақстанның Алтын кітабы» энциклопедиясы – негізгі салалардың барлығын қамтиды.

«Қазақстанның Алтын кітабы» – бойындағы қабілетін ізденіске, қажыр-қайратын, еңбегін ел игілігіне арнаған алтын жүректі, есімі ел есінде, еңбегі кейінгі ұрпаққа қалуы тиіс тұлғаларды бір жинаққа топтастырған, тек үздіктердің үздігі енетін, республика бойынша ешқандай баламасы жоқ, өзгеге ұқсамайтын, өзіндік айтары бар бірден-бір басылым.

Осындай атаулы “Алтын кітапқа” мектеп директоры Гульшара Тальжановна және сол кісі басқарып отырған ұйым Жалпы білім беретін №28 орта мектебі туралы мақала жарыққа шықты. Тарих беттерінде жарқын ізіміз қалып, ұстаздарымыздың еңбегі еселене бергей!