15 Желт 2021
Жаңалықтар

Алтын кітап

Республикалық «Оrda.kz» баспа үйінің әр аймақтың шоқжұлдызындай болып жанып, кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар беріп келе жатқан асыл жүректі жандар туралы» «Қазақстанның алтын кітабы» энциклопедиясы-негізгі салалардың барлығын қамтиды. «Қазақстанның алтын кітабы» - бойындағы қабілетін ізденіске, қажыр-қайратын, еңбегін ел игілігіне арнаған алтын жүректі, есімі ел есінде, еңбегі кейінгі ұрпаққа қалуы тиіс тұлғаларды бір жинаққа топтастырған , тек үздіктердің үздігі енетін, республика бойынша ешқандай баламасы жоқ, өзгеге ұқсамайтын, өзіндік айтары бар бірден-бір басылым. Осындай атаулы «Алтын кітапқа» мектеп директоры Гульшара Тальжановна және сол кісі басқарып отырған ұйым Жалпы білім беретін №28 орта мектебі туралы мақала жарыққа шықты. Тарих беттерінде жарқын ізіміз қалып, ұстаздарымыздың еңбегі еселене бергей!