22 Сәу 2022
Жаңалықтар

«Ауғанстан жүректегі жара»

15 ақпан - Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай мектебімізде «Ауғанстан жүректегі жара» тақырыбында іс-шара өткізілді. Шара барысында Тәжік-Ауған соғысы ардагерлері Қанат Тастанұлы мен Орынбасар Қабдуллаұлы қатынасып, оқушыларға өз өмірдеректері және соғыс жолындағы ерліктері жөнінде сыр шертті. Кездесу кешінде мектеп оқушылары өз өнерлерін паш етіп, сондай-ақ мектебіміздің «Жас сарбаз» ұйымы саптық жаттығу үлгілерін көрсетіп, белсенділік танытты.