ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен 2018 жылғы маусым айынан бастап заманауи медициналық технологияларды қолдана отырып, қамқорлықтағы балалардың денсаулығын бақылаудың жаңа форматы енгізілуде.
Бұл шара «Асар – Береке» қоғамдық қоры мен «Дегдар» гуманитарлық қоры» корпоративтік қоры мен «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» мамандарының қатысумен қайырымдылық акция шеңберінде өткізіліп жатыр.
ҚР Президенті жолдауының шеңберінде аталған жұмыс 2009 жылдан бастап және де енді балалар үйлерінде де жүргізілуде.
Жоғары дәріжедегі дәрігерлер көшпелі медициналық кешендерді қолдана отырып, медицина техникасының заманауи мүмкіндіктеріне сүйене, тәрбиеленушілерін тереңдетілген медициналық зерттеуден өткізуде.
Медициналық зерттеудің шеңберінде балалар мен педагогтар педиатр, офтальмолог, психиатр, хирург және басқа да салалық мамандардан кеңес алуда. Дәрілерлік бригадалар аталған зерттеулерді жыл ішінде республика бойынша балалар үйілерінде жоспарлап отыр.
Аталған технологиялардың артықшылығы дәрігерлердің болмаған жағдайда педиатр мен салалық мамандардың өкілдігі орта медициналық құрамына жүктеледі. Сондай-ақ балалардың жағдайының мониторингі нақты уақыт тәртіптемесінде жүргізілуде. Аталған тәжірибе Астана қаласындағы мектептерде қолдынылған.
Созылмалы аурулар балалық шақта пайда боуын ескере отырып, медициналық зерттеулердің ерте жаста өткізілуі өте маңызды. Медициналық зерттеулер аурудың асқынуын және оның одан әрі ұшынуын алдын алуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні Астана, Алматы қалаларының, Ақмола, Алматы, Қарағанды облыстарының 31 балалар үйлерінің 2000 астам тәрбиеленушілері зертеуден өткізілуде.
Барлық балаларға жүрек-қан тамырлары, эндокринді, құрсақ қуысы және басқа да зерттеулер жүргізілді.
Зерттеулердің нәтижесі бойынша тәрбиеленушілердің денсаулығы жағдайы туралы ақпарат Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар республикалық деректер банкінде көрсетіледі.
Мекен-жайы: Астана қ., Абылайхан к., 40.
Байланыс телефондары: 8-7172-742172, 742154.