15 Желт 2021
Жетістіктер

Атырау қаласының 381 жылдық мерекесіне орай, 200 ағаш отырғызылды

Атырау қалалық Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Нұр-белес» ҚБ ұйымдастыруымен Атырау қаласының 381 жылдық мерекесіне орай, 200 ағаш отырғызылды. Атаулы акцияға қала әкімі Қайрат Оразбаев арнайы қатысып, сондай-ақ Жалпы білім беретін №28 орта мектеп еріктілірмен бірге ағаш отырғызуға атсалысты. Нәтижесінде, «Сарайшық» коммуналды базары алдындағы шағын алаң саябаққа айналды.