15 Желт 2021
Жетістіктер

2021 жылдың 17 қараша күні Қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Нұр белес» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруы Жас еріктілердің қорытынды кеші болып өтті

' 2021 жылдың 17 қараша күні Қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Нұр белес» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруы Жас еріктілердің қорытынды кеші болып өтті. Мектебіміздің 9-10 сынып оқушыларынан құралған еріктілер тобы қалалық іс-шараларға қатысып белсенділік танытты. 2 айға жуық еріктілермен өткізілген шараларға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Соған орай еріктілер ішінен ерекшелігімен көзге түскен 10 сынып оқушысы Қалихан Қазбек пен 9 «А» сынып оқушысы Сапаров Сакенге белсенділік танытқандары үшін диплом статуэтка табысталды. Сондай-ақ мектеп оқушыларынан құралған еріктілер тобының жетекшісі Ғалия Сисенқызы «Үздік көшбасшы-2021» атағына ие болды. Алдағы уақытта оқушыларымызға толағай табыстар мен биік шыңдарды бағындыруын тілейміз! Жеңісті күндеріміз көп болғай! 👏👏👏